Маралбек САҒЫНҒАНОВ, «Еуразия Бірінші» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі: БІЗДІҢ ЖУРНАЛИСТЕР ЕШКІМНЕН КЕМ ЕМЕС

– Алғашқыда репортаждарды тек қазақ тілінде жазып жүрдіңіз? «Өзімді екі тілді журналист ретінде сынап көруге бел будым» деген болатынсыз. Сынақтан өте алдыңыз ба?
– Қазақ және орыс тілді жүргізуші ретінде бір жылдай эфирде болдым. Орысша «акцентпен» сөйлейтінімді сынағандар да кездесті. Бірақ тап бұдан қысыла қойғаным шамалы. Бәрібір ана тілімде сөйлегендей сөйлей алмасым анық. Орыс тілінде жазуға келсек, қазір бір ақпараттық сайтқа материалдар беріп жүрмін. Редакторлар «қоя қой» деп жатқан жоқ. Көп мақтамайды да. Соған қарағанда әлі де сынақта жүрген тәріздімін.